«Жылы жүрек» қайырымдылық концерті
Қазіргі уақытта қамқорлық пен қолдауға мұқтаж болған, көңілдерін шер,
қабақтарын мұң басқан, әр адамнан қайырымдылық, алақандарынан
жылулық сезімін күтетін балаларға, қолдау көрсетуге арналған «Жылы
жүрек» атты қайырымдылық концерті болып өтті. Колледжіміздің музыка
бөлімінің студенттері Арқалық қаласындағы Арнаулы мектебінің
балаларының ортасында болып, өз өнерлерінімен бөлісіп қайтты.
Болашақта еліміздің өркендеуіне білімді жастар ғана биік асулардан
аса алатынын ескерсек, балаларға жасаған қамқорлық елімізге еселеп
қайтатыны анық. Ел тірегі, ертеңіміздің кепілі болған жас ұрпақ!
«Бала - өмірдің гүлі, біздің болашағымыз» деген ұстанымды алға қойған
біздің қоғамыздың жанашыр жастары игілікті істерді жалғастырды.Аз болса
да, жүректерінің ыстық жылуын білдіріп, әр балаға сенім мен адалдықтың
нұрын ұялата білді деп есептейміз.Осындай жас буындар көбейсін, аман
болсын деп тілек тілейміз
Шерменде болған жүрекке, жылулық сәулесін шашқан, балаларға қол ұшын
береміз деген ыстық ықыластарыңыздан бақ, ойларыңыздан саналы сезім,
мұқтаж жандарға қамқорлығын аямаған алланың нұры жаусын демекпіз.
Әркез жүрегіміз кең, пейіліміз ақ болып жақсылық жасауға ұмтылып
тұрайық!!!