Тәуелсіздік еліміздің ерлік жолы
Шыңғырлау аудандық балалар кітапханасында, Шыңғырлау ЖОББМ мектебінің 4 "а" сынып оқушылары қатысуымен «Тәуелсіздік еліміздің ерлік жолы» атты онлайн тақырыптық кеш ZOOM форматында өтті.
Баршаңызды еліміздің ұлық мерекесі - Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күнімен құттықтаймыз!
Біз өте бақытты жандармыз, себебі сан ғасырлар бойы ата-бабаларымыз аңсаған, болашағы жарқын Тәуелсіз мемлекетте 29 жыл еркін өмір сүріп келе жатырмыз. Бабаларымыз салған сара жолымен жүріп, еліміздің тарихын сақтап, алдыңғы қатардағы мемлекет құруға ат салысу, өскелең ұрпаққа тәлім-тәрбие беріп, бар ынта-жігерімізбен жұмыс жасау – біздің борышымыз. Бірлігіміз бекем, тірлігіміз тиянақты болсын! Шара барысында оқушыларға желтоқсан оқиғасы туралы бейнебаяндар көрсетіліп, жыр шумақтарын жатқа айтты. Сонымен қатар «Желтоқсан тәуелсіздік бастауы» атты кітап көрмесі жасақталып таныстырылды. Шара соңы мемлекеттік әнұранмен аяқталды.