Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Дарын» қосымша білім орталығының жұмыс жоспарына сәйкес ағымдағы жылдың 25-28 желтоқсан күндері аралығында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік мерекесіне орай «Тамырлы тарихыммен мақтанамын» атты облыстық буктрейлер байқауы қашықтан өткізілді.
Топырағында аунап, дарқан даласында қаз басқан қасиетті Отанымыздың тарихын білу – әрбір ұрпақ парызы.
Байқаудың мақсаты: жас ұрпақты ізгілікке, елжандылыққа, адамгершілікке, ұлт тарихын үлгі ете отырып, туған халқы үшін аянбай еңбек етуге, ерлікке, әділдікке, адалдыққа, елінің адал перзенті болуға тәрбиелеу және шығармашыл жастарды қолдау, адамзаттың рухани азығы кітап оқуды насихаттау.
Байқауға облыс аумағындағы білім беру мекемелерінің 7-11 сынып оқушыларының кітап әуесқойлары жеке және ұжымдық жұмыстарын ұсынды. Барлығы 105 үміткер қатысты.
Байқау қорытындысы төмендегідей:
I орын – Ақжайық ауданы, №1 орта жалпы білім беретін мектебінің 10 сынып оқушысы Гусманова Армангүл /жет.Биранова У/;
II орын – Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназия интернатының 10 сынып оқушылары Нұржауов Ерасыл, Қанат Бегарыс /жет.Қисымова А/;
III орын – М.Өтемісұлы атындағы облыстық-сауықтыру мектеп- интернатының 10 сынып оқушысы Мағауия Мөлдір /жет.Нугманова А/;
III орын – Тасқала ауданы, жалпы білім беретін Ақтау орта мектеп бөбекжай-бақша кешенінің 11 сынып оқушысы Менсейтова Делназ /жет.Кенжебаева Д/;
III орын – Теректі ауданы, Восход жалпы орта білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы Амангалиева Айкөркем /жет. Канаткалиева Г/;
Алғыс хат – Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-гимназия интернатының 10 сынып оқушылары Беккалиева Айнара, Есенжол Даулет,Қазекеш Гүлсәт /жет.Утупова К/;
Алғыс хат – Облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған «Білім инновация» мектеп-лицей интернатының 8 сынып оқушысы Тілеген Бейбарыс /жет.Сагитова Г/;
Алғыс хат – М.Өтемісұлы атындағы облыстық сауықтыру мектеп-интернатының 10 сынып оқушысы Давлетбаева Айжан /жет.Каймулина Т/;
Алғыс хат – Орал қаласы, №31 жалпы орта білім беретін мектебінің 8 сынып оқушысы Жардемғали Азат /жет.Уразова Ж/;
Алғыс хат – Орал қаласы, №19 орта жалпы білім беретін мектебінің 8 сынып оқушысы Меңдіхан Гаухар /жет.Бекжанова Ә/;
Алғыс хат – Жәнібек ауданы, жалпы білім беретін Т.Жароков атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Джиненгужиева Айтолқын /жет.Душкенова Г/;
Алғыс хат – Қаратөбе ауданы, Үшағаш негізгі жалпы білім беретін мектебінің 8 сынып оқушысы Сагидулла Альбина /жет.Сұлтанова Д/;
Алғыс хат – Бөрлі ауданы, Ақсай қаласының №6 мектеп-лицейінің 11 сынып оқушысы Саматова Аружан /жет.Успанова А/;
Алғыс хат – Тасқала ауданы, жалпы білім беретін Шежін орта мектеп бөбекжай-бақша кешенінің 8 сынып оқушысы Темрболатова Бибигуль /жет.Таубаева Г/;
Алғыс хат – Жаңақала ауданы, Х.Нұрымғалиев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің 9 сынып оқушысы Шайхиев Арнур /жет.Ш.Сарбаев/.
Байқау жеңімпаздары Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының I, II, және III дәрежелі дипломдарымен және алғыс хаттарымен марапатталады.
Жеңімпаздарды жетістіктерімен құттықтаймыз! Сындарлы кезеңдерде елдің елдігін,ердің ерлігін сынға түсірген шақта сыр бермеген егемен еліміздің еңсесі биік, болашағы жарқын, ұрпақтары білімді болсын!