15 ақпан – Ауған соғысынан Кеңес әскерлерінің шығарылған күніне 37 жыл толуына орай «Дарын» мектеп-интернатында тағылымды іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шараға мектептің 8 «А» сынып оқушылары мен тәрбиешісі А. Туленованың қатысуымен тәрбие сағаты өткізілді.
Шараның негізгі мақсаты – оқушыларға Ауған соғысының тарихы туралы мәлімет беру, соғыс ардагерлерінің ерлігін насихаттау, жас ұрпақты отансүйгіштікке, ерлікке және бейбіт өмірдің қадірін бағалауға тәрбиелеу.
Іс-шараға құрметті қонақтар ретінде:
• Ауған соғысы ардагерлері ұйымының төрағасы Дүйсебаев Жора,
• Ауған соғысының ардагері Жассақов Байзақ,
• Жетісай қаласы ардагерлер ұйымының төрағасы М. Жумабаев,
• ДТЖЖО Ж. Тулеков,
• ДБЖЖО Султанова М. қатысып, оқушылармен әсерлі кездесу өткізді.
Кездесу барысында ардагерлер Ауған жеріндегі жауынгерлік жылдардан естеліктер айтып, Отан алдындағы борыш, достық, ерлік пен батылдық туралы тағылымды ойларымен бөлісті. Оқушылар қонақтарға сұрақтар қойып, өздерін қызықтырған мәліметтер алды.
Шара соңында оқушылар ардагерлерге алғыс білдіріп, естелік суретке түсті. Мұндай кездесулер жас ұрпақтың тарихи санасын қалыптастырып, елжандылық рухын арттыруға зор үлес қосатыны атап өтілді.
https://zhetysai-daryn.kz/ru/t-rbie-zh-mystary/378-15-a-pan-au-an-so-ysynan-ke-es-skerlerini-shy-aryl-an-k-nine-37-zhyl-toluyna-oraj.html#sigFreeIdec0936eb6f
| № | Атауы | Жүктеу |
|---|---|---|
| 1 | Ауған асуында от кешкендер сценарий (3) | |
| 2 | Ауган сагыс концерт багд | |
| 3 | Хаттама 12 02 26 |






