ТАҒЫЛЫМҒА ТОЛЫ КЕЗДЕСУ.
“КИТАБУ ТАСТИҚ” “ТОЛЫҚ АДАМ”
“АДАЛ АЗАМАТ”
“ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП”.
Бүгін 2026 жыл 15 мамыр күні “Жетісай ауданының мамандандырылған “Дарын” мектеп-интернатында Мұсаев Құнанбай Абибұллаұлымен өнегелі кездесу болды. Мұсаев Құнанбай Абибұллаұлы- саналы ғұмырын ел мүддесіне арнаған, заң мен тәртіпті өміріне серік еткен Қазақстандық білікті судья, 30 жылдан астам ғұмырын құқықтық салаға арнаса, оның 23 жылында сот төрағасы қызметін абыроймен атқарған. Құнанбай Абибұллаұлы республика бойынша “Ең үздік сот” номинациясының жеңімпазы, “Үш би” төсбелгісінің иегері, білім мен мәдениеттің, ұлт руханиятының жанашыры, Ордабасы мен Мақтарал аудандарының құрметті азаматы, қоғам қайраткері. Сондай-ақ, Ауған асуында от кешіп,Отан алдында азаматтық парызын өтеген. Тағылымға толы осы кездесу сағатында Абай атамыздың “Китабу тастиқ” еңбегі дәріптелді. Мектеп ұжымымен, шәкірттермен кездесу барысында Құнанбай Абибұллаұлы ғұлама Абайдың “Китабу тастиқ” еңбегінің көпқырлы сипатымен жан-жақты таныстырды. Кездесу барысында Абайдың мол мұрасы дәріптеліп, шәкірттер тарапынан сұрақтар қойылды.
https://zhetysai-daryn.kz/ru/t-rbie-zh-mystary/403-ta-ylym-a-toly-kezdesu.html#sigFreeIda65d302793
| № | Атауы | Жүктеу |
|---|---|---|
| 1 | Қазақ елі |






