Жас маман информатика пәні мұғалімі Керимбекова Гүлсара апайдың ұйымдастыруымен «Жас информатиктер» тақырыбында 9-сынып оқушыларына арналған танымдық іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты – оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын арттыру, логикалық ойлау қабілеттерін дамыту және ақпараттық технологиялар саласы туралы білімдерін кеңейту.
Іс-шара барысында оқушылар информатика саласына қатысты түрлі сұрақтарға жауап беріп, қызықты тапсырмалар мен сайыстарға қатысты. Оқушылар өз білімдері мен тапқырлықтарын көрсетіп, белсенділік танытты.
Шараға жас маманның тәлімгері С.Аширбеков қатысып, жас маманның жұмысына сәттілік тілеп, өз тәжірибесімен бөлісті. Сонымен қатар мектептің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Нурмаганбетов, ұстаздар мен оқушылар қатысып, оқушыларға өздерінің сұрақтарын қойып, пікір алмасты.
Іс-шара жоғары деңгейде өтіп, қатысушылар тарапынан жақсы бағаланып, оқушылар үшін танымды әрі пайдалы болды.
https://zhetysai-daryn.kz/ru/t-rbie-zh-mystary/385-zhas-informatikter-ta-yrybynda-9-synyp-o-ushylaryna-arnal-an-tanymdy-is-shara-tkizildi.html#sigFreeIdd61d4efa6c






