Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Саржанова Орынкүл апайдың ұйымдастыруымен «Abai Poetry» («Абай поэзиясы») тақырыбында ағылшын тілінде тәрбиелік іс-шара өткізілді. Іс-шараның мақсаты – ұлы ақын Абай Құнанбайұлының шығармаларын ағылшын тілінде насихаттау, оқушылардың тілдік қабілеттерін дамыту және қазақ әдебиетіне деген қызығушылығын арттыру.
Іс-шара барысында 10-сынып оқушылары Абайдың өлеңдерін ағылшын тілінде мәнерлеп оқып, ақынның өмірі мен шығармашылығы туралы ағылшын тілінде мәліметтер айтып, көріністер көрсетті. Сонымен қатар оқушылар Абайдың қара сөздерінің мазмұнын талдап, оның тәрбиелік маңызын түсіндірді.
Шараға пән мұғалімі К.Илимова, мектептің директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Н.Нурмаганбетов және ұстаздар қауымы қатысып, оқушылардың өнерін жоғары бағалады. Қатысушылар Абай шығармаларының маңыздылығы мен тәрбиелік мәні туралы өз ойларымен бөлісіп, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.
Іс-шара оқушылардың ағылшын тілін меңгеру деңгейін арттырып қана қоймай, ұлттық әдеби мұраны құрметтеуге тәрбиелейтін тағылымды кездесу болды.
| № | Атауы | Жүктеу |
|---|---|---|
| 1 | The World of Abais Poetry |
https://zhetysai-daryn.kz/ru/t-rbie-zh-mystary/384-abai-poetry.html#sigFreeId84d2805956






