«Жасампаздық – бәрімізге өнеге»
Жасампаздық адамды алға жетелейді: ол еңбекқорлықты, жауапкершілікті, бірлік пен ізгілікті дәріптейді. Жаңа ой ұсыну, пайдалы іс атқару, қоғамға үлес қосу - міне, нағыз өнеге осында. Әрбір игі қадам өзгеге үлгі болып, болашаққа сенім ұялатады. Сондықтан жасампаз болу - бүгінгі күннің талабы, ертеңгі жетістіктің кепілі.

Шоқан Уәлихановқа арналған әдеби-танымдық кештің толық сценарийі
Тақырыбы:
«Жарқ еткен жарық жұлдыз -Шоқан Уәлиханов»
ЖҮРГІЗУШІНІҢ КІРІСПЕ СӨЗІ:
Армысыздар құрметті ұстаздар, ардақты қонақтар, білімге құштар оқушылар!
Бүгін біз қазақ халқының тарихында ерекше орын алатын, өз заманының шеңберінен шығып, ұлт руханиятын әлемдік деңгейге көтерген ұлы тұлға - Шоқан Шыңғысұлы Уәлихановқа арналған тағылымды кешке жиналып отырмыз.
Шоқан Уәлиханов - небәрі отыз жылға жетпеген ғұмырында ғылымның бірнеше саласында өшпес із қалдырған дара дарын. Ол - қазақтан шыққан тұңғыш ғалымдардың бірі, шығыстанушы, этнограф, тарихшы, географ әрі ағартушы. Оның еңбектері тек қазақ халқы үшін ғана емес, бүкіл адамзат ғылымы үшін аса құнды.
Бүгінгі кештің мақсаты - Шоқан Уәлихановтың өмір жолын, ғылыми мұрасын еске ала отырып, жас ұрпақтың бойына білімге құштарлық, елге деген сүйіспеншілік пен ұлттық рухты сіңіру.
1-нөмір: Ән
Жүргізуші:
Кешімізді халқымыздың рухын асқақтататын, ел мен жерге деген махаббатты білдіретін әуенмен бастайық. Ән - халықтың жүрек үні, өткен мен бүгінді жалғаушы алтын көпір.
Назарларыңызға Бабантай Ерсұлтанның «Мен қазақпын»әні
2-нөмір: Шоқанның өмірбаянын оқу
Жүргізуші:
Білім іздеп, дүние кезген жас ғалым,
Халқым деген жүрегінде бар жалын.
Өткен күннен болашаққа жол салған,
Шоқан мұра - ұрпақтарға қалған аманат.
Шоқанның балалық шағы, алған білімі мен ғылымға бет бұруы - әрбір жас үшін үлкен өнеге. Шоқанның еңбектері бізге рухани және мәдени мұраның қаншалықты құнды екенін дәлелдейді. Ол бізге тек тарихты зерттеуді ғана емес, рухани құндылықтарды бағалауды, өз елін, мәдениетін құрметтеуді үйретеді. Ұлы тұлғаны терең тану үшін алдымен оның өмір жолына назар аударайық.
3-нөмір: Күй
Жүргізуші:
Қазақ халқының тарихы мен тағдыры күй тілімен де сөйлейді. Күй - халықтың мұңы мен қуанышын, күресі мен жеңісін жеткізетін асыл өнер. Енді сол мұраны тыңдайық.
Алдарыңызда Жұмабек Дидарбектің орындауында «» күйі
4-нөмір:Ән
Ән - халықтың жүрегінен туған сыр,
көңілден шыққан үні, жанның шындығы.
Әуен сөйлесе - жүрек тыңдайды,
ән шырқалса - көңіл самғайды.
Келесі кезекте сіздердің назарларыңызға
көңілге жылу, жүрекке қуат сыйлайтын
әсем ән ұсынамыз.
Қарсы алыңыздар! Амангелдіұлы Ұланның «Гитара» әні
5-нөмір: Би (қыздардың қазақша биі)
Жүргізуші:
Қазақ биі - ұлттық дәстүрдің, инабат пен әсемдіктің көрінісі. Бұл биден халқымыздың салт-дәстүрі мен ұлттық болмысы айқын сезіледі.
Нәзік қимыл, әсем әуен жарасқан,
Ұлт өрнегі би тілінде таласқан.
Олай болса, 9 б сыныбымыздың қыздарының биін қарсы алыңыздар!
6-нөмір: Ән
Жүргізуші
Қазақтың халық әні!
Қазынамсың!
Адамзат қазынаңнан азық алсын.
Үйреткен даналыққа, адалдыққа
Сен деген -
Жігерлі де нәзік әнсің!
Ән - адамның жан дүниесін байытатын, сезімге әсер ететін құдіретті күш. Келесі әуен сіздерді халқымыздың рухани әлеміне жетелейді.
Өмірбек Шыңғыстың орындауында «» әні
7-нөмір: Шоқан кейпін сомдау
Жүргізуші (алдында):
Шоқан Уәлиханов – халқының жүрегінен шыққан данышпан ғалым,ұлтын ғылыммен биікке көтерген кемеңгер ойшыл.Ол – қараңғылықты білім нұрымен жарып өткен ағартушы,қазақ рухын әлемге танытқан тарихтың жарық жұлдызы.Шоқан Уәлихановтың әрбір сөзі - болашақ ұрпаққа қалдырған аманаты. Оның әрбір еңбегі – халыққа қалдырған рухани аманат,әрбір ойы – ұрпаққа бағыт берген мәңгілік бағдар. Шоқанның ғылымға деген адалдығы бізге де жол көрсетеді.
Ендігі кезекте біз ұлы ғалымның ішкі ой-толғанысын, арман-мұратын сахна тілімен көрерменге ұсынамыз.
8-нөмір: Би (классикалық, заманауи би)
Жүргізуші:
Би – жүректің тілі, сөзсіз сезімнің көрінісі. Ол– адамның ішкі дүниесін қозғалтатын өнер.Өнер уақытпен бірге дамып, жаңа сипатқа ие болады. Классикалық және заманауи бидің үйлесімі - дәстүр мен жаңашылдықтың жарасымды бірлігі.
9 «б» сыныбымыздың оқушыларының биі өнерін қарсы алыңыздар!
9-нөмір: Видеоролик
Қазақ халқының рухани тарихында өшпес із қалдырған, ғылым мен білімнің шамшырағына айналған ұлы тұлғалардың бірі - Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов. Оның өмірі - ізденіске толы ғұмыр, ал мұрасы - ұрпаққа аманат.
Алда ұсынылатын бейнероликте сіздер Шоқанның тағдырына, оның ғылым жолындағы қажырлы еңбегіне, туған еліне деген шексіз сүйіспеншілігіне куә боласыздар. Бұл - бір ғалымның ғана емес, тұтас ұлттың рухани биігін көрсететін тағылымды жол.
Ендеше, назарларыңызға Шоқан Уәлихановтың өмірі мен қызметі жайлы бейнероликті ұсынамыз.
10-нөмір:Сұрақ-Жауап
1.Шоқан Уәлиханов неше жасында өмірден өтті?
2. Оның достарының бірі, белгілі орыс ғалымы кім?
3. Шоқан Уәлихановтың толық аты-жөні қалай аталады?
4. Оның Қашғарияға жасаған сапары неліктен тарихи маңызға ие болды?
5. Шоқан Уәлихановтың анасы кім болған?
9-нөмір: Ән
Жүрекке жылу, көңілге шу,
Әнмен бірге берілейік біз бүгу.
Сөздері нәзік, әр сөзі тәтті,
Жанға жайлы, міне бастайық біз әнді!
Сахнада Тұрсынхан Фатиманың «Бақыт» әні

Жүргізуші (қорытынды сөзі):
Құрметті көрермендер!
Шоқан Уәлиханов - өз халқының болашағы үшін өмірін ғылымға арнаған ұлы перзент. Оның өмір жолы - ізденістің, табандылықтың және отаншылдықтың айқын үлгісі.
Ұлы тұлғаларды ұлықтау - тарихты құрметтеу, ал тарихты құрметтеу - болашаққа сеніммен қадам басу.
Назарларыңызға рахмет!