Музыкалық терапия
Халықаралық виолончель күні (International Cello Day) немесе Виолончельші күні – жыл сайын 29 желтоқсанда атап өтілетін виолончель музыканттары мен музыка әуесқойларының бейресми мерекесі.
Бұл музыкалық мерекенің күні ретінде көрнекті каталондық виолончельші, дирижер, композитор және музыкалық қоғам қайраткері Пабло Касальстың туған күні таңдап алынған (исп. Pablo Casals, 1876-1973).
Мерекеге орай музыка мектебінің оқытушысы Айдосова Гүлмайрам Толыбайқызы және виолончельші оқушылар Бекішева Самира мен Шевченко Матвей «Қазақстан-Қостанай» телеарнасының «Тобыл таңы» бағдарламасының студиясына шақырылды.
Әңгіме барысында балаларға осы аспапта ойнауды үйретудің жолдары мен ерекшеліктері туралы айтылып, ата-аналарға ұсыныстар берілді және балалар виолончельде ойнап берді.
Сюжетті арнадан көре алмағандарға оны жазбадан көруді ұсынамыз.
Хронометраж: 0.32.47-ден 0.58.36-дейін
https://www.youtube.com/watch?v=C6t6Wr0LVy8&feature=youtu.be
Музыкальная терапия
Международный день виолончели (International Cello Day) или День виолончелиста – неофициальный праздник музыкантов-виолончелистов и любителей музыки, который отмечается ежегодно 29 декабря.
Датой для этого музыкального праздника выбран день рождения выдающегося каталонского виолончелиста, дирижера, композитора и музыкально-общественного деятеля Пабло Казальса (исп. Pablo Casals, 1876-1973).
В честь праздника в студию программы «Тобыл таны» телерадиокомпании «Казахстан-Костанай», были приглашены преподаватель музыкальной школы Айдосова Гульмайрам Толыбаевна и учащиеся-виолончелисты Бекишева Самира и Шевченко Матвей.
Речь в сюжете шла об условиях и особенностях обучения детей на этом инструменте, даны рекомендации родителям и, конечно, звучала виолончель.
Для тех, кто не смог посмотреть сюжет на канале, предлагаем увидеть его в записи.
Хронометраж: от 0.32.47 до 0.58.36
https://www.youtube.com/watch?v=C6t6Wr0LVy8&feature=youtu.be