Информатика пәні мұғалімі Әбілқасым Ақназар ағайдың ұйымдастыруымен 7-сынып оқушылары арасында «Информатика жұлдыздары» тақырыбында сайыс сабақ өткізілді. Сабақтың мақсаты – оқушылардың информатика пәніне деген қызығушылығын арттыру, білімдерін шыңдау және логикалық ойлау қабілеттерін дамыту болды.
Сайыс барысында оқушылар бірнеше кезең бойынша бақ сынап, информатика пәніне байланысты сұрақтарға жауап беріп, түрлі тапсырмаларды орындады. Әр топ өз білімдері мен белсенділіктерін көрсетіп, тартысты әрі қызықты сайыс өтті.
Сабаққа мектептің директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Ж.Түлеков, жас маманның тәлімгері С.Аширбеков және ұстаздар қатысып, оқушыларға қолдау білдіріп, жылы лебіздері мен тілектерін жеткізді.
ДОЖЖО Ж.Түлековтың сөзі:
Құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Информатика жұлдыздары» атты сайыс сабақ өте мазмұнды әрі тартымды өтті. Қазіргі заман – ақпараттық технологиялар заманы. Сондықтан информатика пәнін терең меңгеру, компьютерлік сауаттылықты арттыру – әрбір оқушы үшін маңызды.
Бүгінгі сайыс барысында оқушылар өздерінің білімдерін, логикалық ойлау қабілеттерін және тапқырлықтарын көрсете білді. Осындай сабақтар оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, болашақта білімді, бәсекеге қабілетті жас ұрпақ болып қалыптасуына үлкен ықпал етеді.
Іс-шараны жоғары деңгейде ұйымдастырған информатика пәні мұғалімі Әбілқасым Ақназар ағайға және қолдау білдірген ұстаздарға алғысымды білдіремін. Барлық қатысқан оқушыларға сәттілік тілеймін. Білімдеріңіз артып, әрдайым биіктерден көріне беріңіздер!
Сайыс соңында белсенділік танытып, үздік нәтиже көрсеткен оқушылар марапатталып, сабақ жоғары деңгейде өтті.
https://zhetysai-daryn.kz/en/t-rbie-zh-mystary/386-informatika-zh-ldyzdary-ta-yrybynda-sajys-saba-tkizildi.html#sigFreeId25c1e2ba31




